16.10.2026
«Бөбек» шағын орталығында жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың басты тақырыбы — балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі, жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау және отбасы мен балабақша арасындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жиналыс барысында:
- Ата-аналар комитеті сайланды;
- Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары талқыланды;
- Ата-аналарға биылғы жылы мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі бойынша ақпарат берілді;
- Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Жиналыс өзара түсіністік пен ашық пікір алмасу жағдайында өтті.
Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен бақытты балалық шағы — біздің ортақ міндетіміз!
В мини-центре «Бөбек» состоялось родительское собрание, посвящённое началу нового 2026–2027 учебного года.
