02.10.2026
Шағын орталықтағы ата-аналар жиналысы
Шағын орталығымызда тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну мәселесіне арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізгі ережелерімен таныстырылды.
Жиналыста мемлекеттік қызметті алу тәртібіне, өтініш беру жолдарына және қажетті құжаттарды ұсынуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ата-аналарға құжаттарды қарау мерзімдері мен қызмет нәтижесін алу тәртібі түсіндірілді.
Кездесу ашық әрі жылы жағдайда өтіп, ата-аналарды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Белсенді қатысып, қызығушылық танытып, ынтымақтастық білдірген ата-аналарымызға алғыс айтамыз!
