30.09.2026
2026 жылғы 24 қыркүйекте «Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі мектепке дейінгі ұйымдар педагогтеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Іс-шара Құзыреттілік орталығы мен мектепке дейінгі білім берудің мобильді тобының жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау және алдағы лицензиялау мәселелері, сондай-ақ тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудағы бірыңғай тәсілдер қарастырылды.
Педагогтерге әдістемелік көмек көрсетіліп, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелер бойынша практикалық ұсыныстар мен түсіндірмелер берілді.
Осындай іс-шараларға қатысу педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мектепке дейінгі білім беру сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мазмұнды кездесу, әдістемелік қолдау және пайдалы тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
