Текст
«Мен таңдаған кітап» кітап көрмесі
Жастар күніне орай мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында «Мен таңдаған кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушылар өздері таңдаған сүйікті кітаптарын таныстырып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы ойларымен бөлісті. Кітап көрмесі жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім мен рухани дамудың маңыздылығын насихаттауға бағытталды.
Кітап — білім мен руханияттың қайнар көзі!