Родионовка ауылының негізгі орта мектебі» жанындағы «Бөбек» шағын орталығында бос орындар бар!
Құрметті ата-аналар!
Егер сіз балаңыздың мейірімді әрі қауіпсіз ортада уақыт өткізгенін қаласаңыз, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды «Родионовка ауылының негізгі орта мектебі»КММ жанындағы «Бөбек» шағын орталығына шақырамыз.
Біздің 4 сағаттық шағын орталық — әрбір балаға қамқорлық, көңіл бөлу және жан-жақты даму мүмкіндігі. Балалар болу уақытында танымдық, шығармашылық және дамытушы сабақтарға қатысады, ойнайды, құрдастарымен араласады және жайлы әрі достық ортада жаңа дағдыларды меңгереді.
Біз әрбір бала өзін сенімді сезініп, қабілеттерін ашып, қоршаған ортаны қызығушылықпен танып-білуі үшін жағдай жасаймыз.
Орындар саны шектеулі!
Барлық сұрақтар бойынша және жазылу үшін мектеп әкімшілігіне немесе шағын орталықтың телефонына хабарласыңыз.
«Бөбек» шағын орталығында сіздерді қуана күтеміз!