Родионовка ауылының негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Бөбек» шағын орталығында «ПЕДЭТИКА: Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбиешілермен тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, кәсіби жауапкершілікті арттыру және білім беру саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіру болды.
Кездесу барысында педагог қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби мінез-құлық мәдениеті, педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар білім беру ұйымында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру, қызметтік тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және әрбір педагогтің тәрбие мен білім беру үдерісінің сапасына жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай мазмұнды кездесулер педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттырып, кәсіби мәдениетін нығайтуға, сондай-ақ ұжымда өзара құрмет, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.