Текст
08.04.2026
Бүгін Родионовка негізгі орта мектебінде 5 және 6-сынып оқушылары арасында “Who is the Best Reader?” атты конкурс өтті. Бұл байқауда ерекше белсенділігімен көзге түскен Айша мен Фархат өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде оқу дағдыларын дамыту, мәтінді түсіну қабілетін арттыру және өз ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Конкурс барысында оқушылар ағылшын тілінде шағын мәтіндерді мәнерлеп оқып, сол мәтін бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, әрқайсысы өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, не себепті ол кітаптарды ұнататынын түсіндірді.
Барлық қатысушылар белсенділік танытып, мәтінді дұрыс әрі әсерлі оқуға тырысты.
