Текст
06.04.2026
30-наурыз күні Родионовка мектебінде Жер күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – біздің планетамызға ұқыпты қарау, бүкіл экожүйені ластанудан қорғау және сақтау.
Оқушыларға табиғатты қорғау үшін адамдардың қандай шаралар қабылдап жатқанын көрсететін бейнеролик ұсынылды. Одан кейін оқушылар «Планетаны құтқарайық» атты бірлескен коллаж жасап, экологиялық викторинаға қатысты.
