Текст
31.03.2026
19- наурызда Родионовка негізгі орта мектебінің оқушыларымен қазақ халқының ең жарқын, әрі маңызды мерекелерінің бірі -Наурыз мейрамына арналған "Наурыз - бірлік пен достықтың символы" атты танымдылық сағаты өткізілді.
Іс - шараның басында қатысушылар Наурыз мейрамының тарихы мен дәстүрлерімен танысып, табиғаттың жаңаруы, бейбітшілік пен адамдар арасындағы бірлікті білдіретін терең мағынасы туралы білді.
Кітапханашы ұлттық салт - дәстүрлер мен әдеп - ғұрыптар туралы айтып, олардың әрқайсының мәнін түсіндіріп, мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
