Текст
31.03.2026
26-марта Родионовка негізгі орта мектебінде көктемгі демалыста оқушыларға арнап, Ағайынды Гриммдер шығармалары бойынша кітап сөресі рәсімделді.
«Демалыста кітап оқимыз» 5-сынып оқушылары кітапханаға барып, ағайынды Гриммдердің ертегілер әлеміне саяхат жасады. Оқушылар жаңа кейіпкерлермен танысып, әрқайсысы өзіне ұнаған сүйікті кейіпкерін таңдады.
Іс-шара соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, гайдбук картотекасына өз пікірлерін жазды. Осындай кездесулер балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, кітап әлеміне жол ашады
