Текст
31.03.2026
Мектепте III тоқсан қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті.
Кеңес барысында оқу және тәрбие жұмыстарының негізгі мәселелері қарастырылып, оқушылардың үлгерім нәтижелері талданды, сондай-ақ тәрбие бағытындағы іс-шаралардың қорытындылары шығарылды.
Сонымен қатар, педагогтердің аттестациядан өту мәселесіне ерекше назар аударылып, олардың кәсіби деңгейін арттыру және білім беру сапасын жақсарту жолдары талқыланды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша келесі тоқсанға арналған негізгі міндеттер айқындалып, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарлар белгіленді.
