Текст
31.03.2026
Родионовка негізгі орта мектебінде 3-сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық ойындарының бірі – «Сақина салу» ойыны өткізілді. Бұл ойын барысында оқушылар шеңберге отырып, сақинаны бір-біріне білдірмей беру арқылы зейіндерін, байқампаздықтарын арттырды.
Ойын өте қызықты әрі көңілді өтті. Балалар белсенді қатысып, ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтарын көрсетті. «Сақина салу» ойыны оқушылардың ұйымшылдығын нығайтып, жылдам ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
