Текст
05.03.2026
«Родионовка ауылының негізгі орта мектебі»КММ-не ата-ана балаларын бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметті eGov порталы арқылы алу жөнінде өтінішпен жүгінді.
Мектеп маманы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, қажетті құжаттар тізбесі және өтінішті қарау мерзімдері туралы толық кеңес берді. Белгіленген қағидаларға сәйкес өтініш қабылданып, тіркелді.
Мектеп әкімшілігі ата-аналар мен білім алушыларға қолайлы жағдай жасай отырып, мемлекеттік қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Балаларды білім беру ұйымдары арасында ауыстыру мәселелері бойынша ата-аналар жұмыс уақытында мектеп әкімшілігіне жүгіне алады.
