Текст
17.02.2026
Біздің мектепте 5 және 6-сынып оқушылары арасында «Математикалық регата» интеллектуалдық жарысы өтті.
Оқушылар командаларға бөлініп, нағыз білім додасына түсті. Жарыс барысында балалар күрделі есептерді шешіп, логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті және бірлескен топтық жұмыс атқарды.
Бұл қалай болды:
✅ Есептерді жылдамдыққа шешті.
✅ Түрлі қиын әрі қызықты сұрақтарға жауап іздеді.
✅ «Baamboozle» ойыны арқылы өзара бақ сынасты.
Оқушылар ең күрделі тапсырмалардан жол тауып, бірлікте жұмыс істей алатындарын дәлелдеді. 🤝🏆

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтамыз!