Текст
15.01.2026
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің жабылуы өтті!
21 қараша күні мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің салтанатты жабылуы өтті.
Шара барысында оқушылар ұлттық әдебиетке деген қызығушылықтарын танытып, түрлі ойындарға белсенді қатысты.
🔹 Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды;
🔹 Қазақ жазушылары туралы қызықты мәліметтер ұсынды;
🔹 Халық даналығын дәріптеп, мақал-мәтелдер айтты;
🔹 Танымдық ойындар арқылы білімдерін шыңдады.
Мерекелік шара соңында онкүндікке белсене қатысқан оқушылар марапатталып, оларға тәтті сыйлықтар таратылды.
Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дүниесін байытуға үлкен үлес қосты.